Стоматологиялық гигиенашы

3W09110101
14618 қаралым

Сипаттама

Стоматологиялық Гигиенист ауыз қуысының ауруларын күту, емдеу, тістерді арнайы құралдармен және аппараттармен тазалау бойынша барлық процедураларды жүргізеді. Сондай-ақ, мұндай маман пациенттерге тіс пен қызыл иекке дұрыс күтім жасауды үйретеді, ауыз қуысының гигиенасын жасауға құралдарды таңдауға көмектеседі.

Көбінесе гигиенистер тіс дәрігерімен бірге жұмыс істейді немесе "Гигиенист" біліктілігін алғаннан кейін жоғары деңгейдегі біліктілікке дайындықты жалғастырады.

Бастауыш маман үшін орташа жалақы 80 мың теңгеден басталады., сонымен қатар клиенттердің санына байланысты.

Осы біліктілік бойынша сәтті оқу және одан әрі жұмыс істеу үшін студент Химия, биология негіздерін білуі керек.

Гигиенист бойында жауапкершілік, табандылық, байсалдылық, шыдамдылық, сезімталдық, адамдарға деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттер болуы керек.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін оқуды колледжде немесе университетте жалғастыру қажет. Сондай-ақ, гигиенисттің, көптеген мамандар сияқты, біліктілігін арттыруға назар аударуы, өз мамандығы бойынша баспасөз мен әдебиеттерді оқуы, курстар мен семинарларға қатысқаны жөн. Маман өз жұмысында ауыз қуысы ауруларының алдын алудың заманауи әдістерін білуі және сәйкесінше қолдануы керек.

Жас маман әр түрлі әлеуметтік санаттағы адамдармен жұмыс істеу сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін, олар әрқашан дәрігерлердің ұсыныстарын толық орындамайды.

Бұл кәсіптің артықшылығы – даму, мамандану және жақын салаларды меңгеру, адамдарға көмектесу.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Емтихансыз. Әңгімелесу

25
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

Работают в стоматологических кабинетах в поликлиниках и больницах совместно с врачами стоматологами, ортопедами и ортодонтами.

Бізді қалай таба аласыз

+ 7 (7212) 50 - 27 - 05
medintercolledg@mail.ru
г. Караганда. Университетская, 25А
https://kmic.mycollege.kz/