Күту ісінің кіші мейіргері

3W09130101
19896 қаралым

Сипаттама

Күтім көрсететін мейірбике - бұл мейірбикенің басшылығымен науқастардың күтімі бойынша көмек көрсететін, күрделі емес медициналық манипуляциялар жүргізетін (банка, қыша сылақтарын, компресс қою), науқастар мен үй-жайларды таза ұстауды қамтамасыз ететін персонал.

Мейірбикелердің міндеттері түрлі процедуралар мен манипуляцияларды қамтиды:

  • Науқастарға күтім жасау;
  • Науқастарды емдеу-диагностикалық және басқа да бөлімшелерге жеткізу;
  • Емдеу және диагностикалық процедураларды жүргізу кезінде дәрігерлерге және орта медициналық қызметкерлерге көмек көрсету;
  • Бекітілген үй-жайларды медициналық, арнайы және шаруашылық жабдықтарымен, жұмсақ құрал-жабдықтарымен және жиһаздарымен бірге тазалықта ұстау;
  • Көмекке зәру науқасқа киінуіне, шешінуіне, жуынуына, шомылуына, ас ішуіне, төсек орнына жатуына көмектесу;
  • Науқастың киімі мен іш киімін ауыстыру;
  • Үй-жайларды ылғалды тазалау;
  • Құрал-жабдықтарды, науқастарға күтім жасауға арналған заттарды, ыдыстарды өңдеу.

Медицина қызметкерлерінің жалақысы негізгі жалақыдан, түрлі өтемақылардан (зияндылығы үшін және т.б.) тұрады.

Орта есеппен алғанда жас маманның жалақысы 70-80 мың теңгені құрайды.

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін және одан әрі жұмыс істеу үшін биология негіздерін білу қажет.

Күтім көрсететін мейірбикенің бойында жанашырлық таныту, тыңдай алу, ықыластылық, мейірімділік сияқты қасиеттердің болуы маңызды. Ширақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, күтпеген жағдайларда тез әрі тиімді шешім қабылдау қабілеті кәсіби тұрғыда маңызды болып саналады.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін 3 жыл қажет.

Жас маман қиындықтарға тап болуы мүмкін, себебі бұл мамандық үлкен жанқиярлықты, үнемі өз бетімен оқуды, шыдамдылықты, күштік төзімділікті, адамдармен қарым-қатынас орната алуды, ең бастысы – батылдық пен табандылықты қажет етеді. Аллергиялық немесе созылмалы аурулармен байланысты медициналық қарсы көрсетілімдер бар.

Мейірбике мамандығы адамдарға көмек көрсету сияқты артықшылықтарға ие. Мейірбикелер пациенттермен көп уақыт өткізеді, олардың тез сауығып кетуіне көмектеседі. Іс-әрекетіңнің арқасында адам қайта сау болғанын түсіну моральді тұрғыда разылыққа бөлейді. Сондай-ақ алғашқы көмек көрсету дағдылары, екпе жасай алу немесе қысымды өлшей алу төтенше жағдайда іске жарауы мүмкін.

Мейірбикелер ауруханаларда, емханаларда, перзентханаларда, жеке клиникаларда, балалар мекемелерінде, әскери бөлімдер мен госпитальдарда, шипажайлар мен демалыс үйлерінде жұмыс істейді

Бұл мамандық әрдайым сұранысқа ие болады, өйткені ол өмірдегі басты аспектінің бірі – адамның денсаулығымен тікелей байланысты.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Емтихансыз. Әңгімелесу

496
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

Медбикелер ауруханаларда, емханаларда, перзентханаларда, жеке клиникаларда жұмыс істейді

Бізді қалай таба аласыз

+ 7 (7212) 50 - 27 - 05
medintercolledg@mail.ru
г. Караганда. Университетская, 25А
https://kmic.mycollege.kz/