Күтім көрсететін мейірбике - бұл мейірбикенің басшылығымен науқастардың күтімі бойынша көмек көрсететін, күрделі емес медициналық манипуляциялар жүргізетін (банка, қыша сылақтарын, компресс қою), науқастар мен үй-жайларды таза ұстауды қамтамасыз ететін персонал.
Мейірбикелердің міндеттері түрлі процедуралар мен манипуляцияларды қамтиды:
Медицина қызметкерлерінің жалақысы негізгі жалақыдан, түрлі өтемақылардан (зияндылығы үшін және т.б.) тұрады.
Орта есеппен алғанда жас маманның жалақысы 70-80 мың теңгені құрайды.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін және одан әрі жұмыс істеу үшін биология негіздерін білу қажет.
Күтім көрсететін мейірбикенің бойында жанашырлық таныту, тыңдай алу, ықыластылық, мейірімділік сияқты қасиеттердің болуы маңызды. Ширақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, күтпеген жағдайларда тез әрі тиімді шешім қабылдау қабілеті кәсіби тұрғыда маңызды болып саналады.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін 3 жыл қажет.
Жас маман қиындықтарға тап болуы мүмкін, себебі бұл мамандық үлкен жанқиярлықты, үнемі өз бетімен оқуды, шыдамдылықты, күштік төзімділікті, адамдармен қарым-қатынас орната алуды, ең бастысы – батылдық пен табандылықты қажет етеді. Аллергиялық немесе созылмалы аурулармен байланысты медициналық қарсы көрсетілімдер бар.
Мейірбике мамандығы адамдарға көмек көрсету сияқты артықшылықтарға ие. Мейірбикелер пациенттермен көп уақыт өткізеді, олардың тез сауығып кетуіне көмектеседі. Іс-әрекетіңнің арқасында адам қайта сау болғанын түсіну моральді тұрғыда разылыққа бөлейді. Сондай-ақ алғашқы көмек көрсету дағдылары, екпе жасай алу немесе қысымды өлшей алу төтенше жағдайда іске жарауы мүмкін.
Мейірбикелер ауруханаларда, емханаларда, перзентханаларда, жеке клиникаларда, балалар мекемелерінде, әскери бөлімдер мен госпитальдарда, шипажайлар мен демалыс үйлерінде жұмыс істейді
Бұл мамандық әрдайым сұранысқа ие болады, өйткені ол өмірдегі басты аспектінің бірі – адамның денсаулығымен тікелей байланысты.